Алаяқтар танымал спорт дүкенінің атынан 1100 теңгеге рюкзак алуды ұсынады

Әлеуметтік желілерде «Спортмастердің» бұрынғы қызметкерінің атынан эмоционалды әңгіме таралуда. Оның айтуынша, оны демалыс күні жұмысқа шықпағаны үшін қосымша ақы төлемей қызметтен шығарған, енді ол ішкі процестерді «жария етуге» бел буған. Қызметкердің айтуынша, дүкен қызметкерлері жабық платформаға кіре алады, онда сауалнамаға қатысвп, The North Face брендінің рюкзагын 1100 теңгеге алуға болады. Ол бұл платформаның сілтемесі әлі де жұмыс істейтінін айтып, оны пікірлерде бөліседі. Бұл — алдау.
Бұл алаяқтардың әрекеті. Шынайы компаниялар сауалнамаларды жай өткізбейді. Олар әрдайым белгілі бір аудиторияға бағытталады және қатысушылар саны мен уақыты шектеулі болады. Маңыздысы, нақты акциялар туралы ақпарат әрдайым ресми парақшаларда жарияланады.
«Спортмастер Қазақстан» сайты мен әлеуметтік желілерінде осындай сыйлықтар мен сауалнамалар туралы ақпарат жоқ, бірақ алаяқтар туралы ресми ескерту бар.
Киберқылмыскерлер сілтеме арқылы өтіп, 1100 теңге төлеуді сұрайды, бұл сіздің жеке басыңызды растау үшін қажет дейді. Шын мәнінде, сілтеме танымал дүкеннің қызметіне ұқсаған фишинг сайтына апарады. Сіздердің логиндеріңіз, құпиясөздеріңіз, карталарыңыздың нөмірлері мен CVC кодтары қылмыскерлердің қолына түседі. Ақшадан да, жеке мәліметтеріңізден де айрылуыңыз мүмкін.
Осындай алаяқтық схемалар бұрын да қолданылған. Мысалы, осы жылдың ақпан айында қазақстандықтарға «Decathlon рюкзагы» 1075 теңгеге ұсынылған болатын.
Назар аударыңыз! Күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіз және әрқашан ресми дереккөздер арқылы акцияларды тексеріңіз.