Алаяқтар «Золотое яблоко» интернет-дүкенінен сыйлықтар таратуда

Facebook-те «Золотое яблоко» косметика және парфюмерия интернет-дүкенінің атынан жалған акция туралы ақпрат таратылуда. Пайдаланушыларға сілтемені басып, сауалнамадан өтіп, сыйлықтар алу ұсынылады. Жарнамада косметика жиынтығы бар болғаны 1100 теңгеге беріледі делінген. Бұл алаяқтық.

Сілтеме арқылы компанияның ресми сайтына ұқсас жалған сайт ашылады. Онда жеке деректер мен банк картасының деректемелері жиналады. Алаяқтар алынған ақпаратты ақшаны ұрлау үшін пайдалануы мүмкін.

«Егер сізге үшінші тарап сайтындағы акцияға қатысу, бьюти-бокс немесе косметиканы тегін алу ұсынылса, сондай-ақ хабарламадағы сілтеме арқылы өтуді ұсынса, бұл – алаяқтар.

Ешбір компания тұтынушыларды әлеуметтік инженерия тәуекелдерінен 100% қорғай алмайды, өйткені ол пайдаланушылардың бір-бірімен қарым-қатынасына қатыспайды. Бірақ біз өз тарапымыздан кез келген қауіп-қатерді азайту үшін барлық шараларды қабылдаймыз. Бір жағынан, сатып алушылардың алаяқтықтың жаңа түрлері туралы хабардар болу деңгейін арттырамыз, екінші жағынан – фродқа қарсы іс-қимылдың озық техникалық әдістерін қолданамыз», – делінген «Золотое яблоко» компаниясының ресми хабарламасында.

«Золотое яблоко» компаниясының хабарлауынша, барлық нақты онлайн-сатылымдар тек goldapple.kz сайтында және фирмалық қосымшада ғана жүзеге асырылады.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Related Articles